«Goldman and Young» өндірісіндегі сабақ

«Сапалы білім» мақсатына жету үшін Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушылары доцент Алильбекова А.О., аға оқытушы Есимова О.А. студенттермен бірге тұрмыстық химия, гигиена және дезинфекциялық құралдарды және жоғары сапалы химиялық өнімдердің кең ассортиментін өндіретін «Goldman and Young» ЖШС-де болды. «Химия» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламаларының студенттеріне шығаралатын өнімдер, өнімдерді жасау және оларды талдау әдістері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттер өнім ассортиментін әзірлеу зертханасы мен сапаны бақылау зертханасының қызметкерлерімен бірлесіп, қажетті ингредиенттерін өздері таңдай отырып, ыдыс жууға арналған жуғыш затты әзірледі.

Басылым күні :  06.02.2023