Польшаның PROM Project бағдарламасы аясында докторант Сайдулла Файзуллаевтың тағылымдамасы

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер кафедрасының докторанты Сайдулла Файзуллаев 2022 жылдың күзінде өзінің докторантура бағдарламасы аясында Торундағы Николай Коперник университетінде (НКУ) тағылымдамадан өтіп, Польшаның PROM Project бағдарламасы бойынша грант жеңіп алды. Жобаның мақсаты жаратылыстану ғылымдары саласындағы студенттердің зерттеулері мен білімін интернационалдандыру деңгейін арттыру болып табылады. Бұл жобаның белсенділіктерінің бірі Торундағы Николай Коперник университетінде (НКУ) шетелдік PhD-студенттердің қысқа мерзімді тағылымдамаларын қаржыландыру болып табылады. С. Файзуллаев конкурстық іріктеуден сәтті өтті және өзінің ғылыми іссапарында PROM жобасының грантын пайдаланды.

Тағылымдама барысында күйе бөлшектерімен модельдік эмульсияларды деэмульгациялау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді және НКУ, химия факультеті, полимерлердің физикалық химиясы және физикалық химия кафедрасының профессоры Wojciech Kujawski жетекшілігімен эмульсияларды мембраналық бөлу мүмкіндігі зерттелді. Польша университетінің әріптестері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымының еңбекке қабілеттілігі мен ғылыми жұмыстарға қатысуы туралы жақсы пікір білдірді. Зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі уақытта докторант профессор В. Куявскиймен бірлесіп халықаралық журналдарға жариялау үшін мақалалар дайындауда.

Басылым күні :  30.01.2023