«ФАРАБИ ӘЛЕМІ»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне 6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі"атты Қазақстандағы ең ірі халықаралық ғылыми конференциясы басталды. Жыл сайын аталған ғылыми форум бүкіл Қазақстаннан және жақын, алыс шетелдерден 6 мыңнан астам қатысушылардың басын қосады.

Биылғы жылы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шаралардың әсеріне байланысты конференция қашықтықтан өтті.

Конференция аясында 2021 жылдың 6-8 сәуір аралығында ҚазҰУ факультеттерінде.әл-Фарабидің 120 секциясы жұмыс істеді, онда ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар тыңдалады.

Біздің кафедраның студенттері жүлделі орындарға ие болды.

 

Басылым күні :  26.05.2021