ҚР ҰҒА академигі Білиев Назарбай Қыдырұлының 80 жылдық мерейтойына арналған “Функциялар теориясы, информатика, дифференциалдық теңдеулер және оларды қолдану” атты халықаралық ғылыми конференция

2015 жылдың қараша айының 15-16 күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде ҚР ҰҒА академигі Білиев Назарбай Қыдырұлының   80 жылдық мерейтойына арналған “Функциялар теориясы, информатика, дифференциалдық теңдеулер және оларды қолдану” атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Н.К. Білиев белгілі ғалым математик. Ол 1964 жылдан бастап университеттің студенттеріне дәріс оқып келеді, қазір фундаментальды математика кафедрасының профессоры. Н.К. Блиев білім мен ғылымдағы елеулі еңбектері үшін «әл-Фараби күміс медалі»   айрықша белгісімен марапатталды. Университет шығаратын «Өнегелі өмір» сериялық басылымның 60-сыншы саны академик Н.К. Блиевке арналды.

Басылым күні :  18.11.2015