Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінде 23 сәуірде он-лайн жүйесінде кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті 23 сәуір 2015 жылы  он-лайн жүйесінде кезекті кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Конференцияға Қазақстанның әр аймағынан 16 мектептің бітірушілері қатысты: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан, сонымен қатар Жаркент, Иссык, Талғар, Атырау және т.б. қалалар.

Кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізу процесі кезінде еліміздің алдыңғы қатарлы университеті - Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті  туралы және университеттегі мамандықтар жайлы толық ақпарат берілді. 

География және табиғатты пайдалану факультетіндегі мамандықтар бойынша толығырақ ақпарат ұсынылды. Он-лайн жүйесінде кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізу барысында мектеп бітірушілеріне факультеттің мамандықтары туралы презентациялар мен видео роликтер көрсетілді.

Он-лайн конференцияны Қазақстанның мектеп бітірушілеріне география және табиғатты пайдалану факультетінің деканының орынбасары Асылбекова Айжан Асылбекқызы ашты. Конференция жұмысына рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Артемьев А.М., метеорология және гидрология кафедрасының доценті Нысанбаева А.С., картография және геоақпарат кафедрасының профессоры Көшим А.Г. қатысты.

География және табиғатты пайдалану факультетінде он-лайн жүйесінде кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізу мектеп бітірушілерімен виртуалды кездесудің инициаторы болып отырған рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті А.А. Жакупованың арқасында дәстүрге айналды. 2014-2015 оқу жылында виртуалды режимде 15 кездесу өткізілді. Көрсетілген мерзімде он-лайн жүйесінде кәсіби бағдар беру іс-шарасының кездесуіне Қазақстанның 110 астам мектебі қатысты.

Он-лайн жүйесінде кәсіби бағдар беру іс-шарасы Қазақстанның әр аймағындағы мектеп бітірушілерімен арақашықтықта сапалы,  тез және нәтижелі түрде жүздесуге мүмкіндік береді.

 

 

Рекреациялық география және туризм кафедрасы

Метеорология және гидрология кафедрасы

   
 

Басылым күні :  23.04.2015