Гендерлік саясат және теңдік бойынша семинар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ, әйелдер одағының қолдауымен гендерлік саясат және теңдік бойынша семинар өті. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды және қол жеткізілген прогресстер мен елдегі гендерлік теңдікке қол жеткізу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерін ұдайы қадағалап отырады. Семинарда әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруға белсенді тартуға қатысты мәселелер талқыланды. Әйелдер одағының төрағасы Б.У. Жолдасбекованың, ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері Н.Т. Шыңғысованың, Т.А. Базарбаеваның, тұрақты даму институтының директоры Р.Ф. Абазовтың баяндамалары тыңдалды. Семинарға сондай-ақ біздің университеттің студенттері, РУДН университетінің магистранттары қатысты.

Басылым күні :  04.02.2019