География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Құтқарушы» ғылыми-зерттеу және практикалық үйірмесінің 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес «Төтенше жағдайлардың салдарымен күресудің жаңа әдістерімен танысу» атты ашық іс-шара

12- сәуір География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының т.ғ.к, аға оқытушы Джексенбаев Н.К., аға оқытушысы PhD, Исанбекова А.Т., аға оқытушысы PhD, Қалдыбаева С.Т. қазіргі таңда өзекті болып отырған «Құтқарушы» ғылыми-зерттеу және практикалық үйірмесінің тақырыптарына арналған «Төтенше жағдайлардың салдарымен күресудің жаңа әдістерімен танысу» тақырыбында ашық іс-шара өткізді. Аталған іс-шарада География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасындағы 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 3 курс студенттері мен ұйымдастырылған іс-шараға, аталған мамандықтың 1 және 2 курс студенттері қатысты. Осы орайда айта кету керек, ашық іс-шарада «Құтқарушы» ғылыми-зерттеу және практикалық үйірмесінің мақсатына сай өткізілді. Топтың жетекшісі студенттерге «Құтқарушы» ғылыми-зерттеу және практикалық үйірмесінің мақсатын түсіндірді. Біздің еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігі баяндалды. Студенттер, Төтенше жағдайлардың салдарымен күресудің жаңа әдістерімен танысу керектігін кезекпен баяндап, Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, мұнда шағын, еміс-еміс сезілетін жер асты сілкінулері үнемі болып тұрады. Алайда соңғы 120 жылда мұнда тек төрт ірі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керектігін білу керек, бірақ одан қорқудың қажеті жоқ. Студенттер жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керектігін көрсетілген, айтылған нұсқаулықтар бойынша іс-әрекеттер жасау керектігін айтып көрсетті. Өткізілген ашық іс-шара сағаттын қорыта айтқанда «Біріге көтерген жүк жеңіл» деп дана халқымыздың айтылған бір ауыз сөзінде терең мағына жатқандығын айтқымыз келеді, әрқашанда өзімізді және жаныңдағыларды құтқара білейік.  

Басылым күні :  16.04.2024