«First Orbit»

2021 жылдың 20 наурызында сағат 18.00-де Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің «Есеп және аудит», «Логистика» и «Қаржы» мамандықтарының 1 курс студенттері және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері «First orbit» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді. Онлайн-кездесу шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары З.А.Тілеуғабылова, Л.М. Махажанова, Л.М. Алиярованың жетекшіліктерімен және М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Есееваның қатысуымен өтті.

 

       Жүргізушілер Самал Ерсінәлі мен Мұхамедияр Бекболатұлы онлайн-кездесуді құттықтау сөздерімен бастап, «First orbit» трейлер филімін көрсетті.

 

         Студенттер Шора Айша, Өміржан Даурен, Абдіхалық Айтолқын, Байжумаева Гаухар, Сулейменова Ақниет Қазақстанда және одан тыс жерлерде космонавтиканың даму тарихы туралы презентация дайындады.

       «Бірінші орбита» - бұл алғашқы адамның (Юрий Алексеевич Гагарин) ғарышқа ұшқанының 50 жылдығына арналған деректі фильм.

       Фильмді белгілі деректі кинорежиссер Кристофер Райли түсірген. Фильмде ұшу кезінде түсірілген Гагарин дауысының жазбалары, кинохроникалардың фрагменттері, сондай-ақ Халықаралық ғарыш стансасынан итальяндық астронавт Паоло Несполи түсірген заманауи HD бейне қолданылды.

       Бағдарлама соңында жүргізушілер Самал Ерсінәлі мен Мұхамедияр Бекболатұлы викториналық сұрақтар дайындап, іс-шараның белсенді қатысушыларын анықтау арқылы қорытынды шығарды. Онлайн-кездесудің барлық қатысушылары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.


Басылым күні :  20.04.2021