«Speaking club»

9 сәуір 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы: доцент, ф.ғ.к. У.Б. Адилбаева, аға оқытушы Гайипова Г.А. ҚазҰУ «Ақпараттық технологиялар» факультетінің бірінші курс студенттері және «Манас» қырғыз-түрік университетінің студенттерімен бірге «Speaking club» үйірмесі аясында іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды.

Екі университеттің студенттері қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы презентациялар жасады, ақынның «Менің - пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» және басқа өлеңдерін оқыды. Қатысушылар Жамбыл Жабаев пен қырғыздың ұлы ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың арасындағы қарым-қатынас пен сыйластықты талқылады. Студенттер YouTube-те Жамбылдың мұражай-үйін көрді.

Дискуссия өте қызықты және мазмұнды өтті, әр студент осы кездесуден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Кездесу ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

Басылым күні :  14.04.2021