«Наурыз- Бақыт, Қуаныш күні»

«Айналаңды нұрландыр» проекттің іс-шаралары

Шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары: Д.М.Махметова, З.С.Несипбаева, Е.И.Луговская

«Наурыз- Бақыт, Қуаныш күні» атты тәрбиелік сағат ұйымдастырды / Microsoft Teams платформасында , 12-ші наурыз, 2021ж.

Аталған іс-шараға «Химия және химиялық технологиялар» факультетінде, бакалавриат бөлімінде оқитын, (ХИ-101, ХТОЗ-1) бірінші курс студенттері қатысты.

Білімгерлер презентация дайындап, еліміздің ұлттық тағамдары туралы хабардар етті. Қазақстанда бар әр ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптары туралы да қызықты бейне материал көрсетті.

Соңында викторина ерекше қызықты болып, қатысушылар марапатталды.

Басылым күні :  13.04.2021