“English Club of Song Lovers”

2021 жылдың наурыз айының 26-шы жұлдызында, сағат 16.00-17.00 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын тілі клубының кезекті 7-ші отырысы өтті. Клуб отырысы бекітілген жоспар бойынша ZOOM платформасында онлайн режимде клуб мүшелерінің қатысуымен өтті. Іс-шараны клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары - Г.А.Оразаева, Г.А.Мусанова ұйымдастырды. Іс-шараның тақырыбы: «Джастин Бибердің шығармашлығы». Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.  

         Клуб жетекшілері іс-шараға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Кездесуде клуб отырысы негізінен ағылшын тілінде өтті. Наурыз айындюағы клуб отырысы аясында, ең алдымен отырысқа қатысушылардың іс-шара тақырыбы бойынша презентациялары көрсетілді. Студенттер клуб отырысында Джастин Бибердің өнердегі шығармашылығы жайында, жеткен жетістіктері және хит болған альбомдары туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, “Baby” деп аталатын хит-әні туралы көптеген қызықты мәліметтер берді. Клуб мүшелері әншінің өмірбаяны мен өнер саласында жеткен жетістіктері туралы да құнды ақпараттар берді.  

         Студенттер клуб отырысында “Baby” деп аталатын әнді орындап, мазмұнын талқылады, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб мүшелері Жұмаділла Бекзат пен Темиров Арнур әннің мазмұны туралы әңгімелеп берді. Студент Сәбитов Ернар әннің шығу тарихы туралы айтып өтті. Ал клуб мүшелері Серіков Шыңғысхан мен Ботабай Мадияр осы әннің грамматикасын түсіндірді. Клуб отырысы соңында, клуб мүшелері ''Өткен шақ” грамматикаcы бойынша қызықты жаттығулар жасап, көрермендердің сұрағына жауап берді.  

       Клуб отырысы жоғары деңгейде өтті. Клуб мүшелерінің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.

 

 

Басылым күні :  28.03.2021