“English Club of Song Lovers”

Английского клуба любителей песен.

“English Club of Song Lovers”

 

       2021 жылдың ақпан айының 1-ші жұлдызында, сағат 16.00-17.00 аралығында Ағылшын клубының кезекті 5-ші отырысы болды Клуб отырысы жоспар бойынша ZOOM платформасында онлайн режимде клуб мүшелерінің қатысуымен өтті. Бұл іс-шара клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары - Г.А.Оразаева, Г.А.Мусанова, ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның тақырыбы: «Британия хиттері». Клуб қатысушылары заң факультетінің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарында оқитын 1 курс студенттері болды.

         Клуб жетекшісі Г.А.Мусанова іс-шараға қатысушылар мен келген қонақтарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Кездесуде клуб мүшелері негізінен ағылшын тілінде сөйлесті. Кезекті клуб отырысы аясында, қатысушылардың іс-шара тақырыбы бойынша презентациялары көрсетілді. Студенттер “The Beatles” тобының, Jennifer Ruch, Cliff Richard, Pharrell Williams және басқа да атақты Британиялық топтар мен әншілердің әр-бір он жылдықта хит болған әндері мен альбомдары туралы көптеген қызықты мәліметтер берді.Сонымен қатар, британдық әншілер мен топтардың өмірбаяндары мен өнер саласында жеткен жетістіктері туралы да құнды мағлұмат берді. Студенттер клуб отырысында The Beatles тобының “Come together” әнін орындап, мазмұнын талқылады, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын клуб студенттері: Талғат Айым “Hit songs and popular singers of the 1980s-1990s”, Әлдибек Мөлдір “Famous songs and singers of 1990s-2000s”, Есенбекова Елизавета “Hit songs from 2000-2010”, Қиянбекұлы Диас “British hit songs in the last decade of 2010-2020 ” тақырыптарына өзердерінің презентацияларын клуб отырысының қатысушыларына көрсетті. Осы топтың студенттері Жунусхан Серік және Есбатыр Нұрсұлтан The Beatles тобының “Come together” әнінің шығу тарихы бойынша баяндама жасады. Студенттер Бейсебаева Қазына, Қуатханова Аружан және Салаватұлы Дамир аты аңызға айналған “The Beatles” тобының құрамындағы әншілер туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. Ал студент Қайратқызы Айман осы әннің граммтикасын түсіндірді.

       Жалпы клуб отырысы жоғары деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.

 

Басылым күні :  05.02.2021