«Абай мұрасы»

«Абай мұрасы»

Қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Айналды нұрландыр» жобасы аясында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Л.М. Алиярова, Л.М.Махажанова, А.Р.Халенова «Тарих, археология және этнология» факультетінің 1 курс студенттерімен бірге 27.11.2020 ж. «Абай мұрасы» тақырыбында іс-шара өткізді.

Абайдың философиясы мен нақыл сөздері - қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылады, онда ұлы ойшыл ұлтты жаңаруға щақырады, заман талабына бейімделу қажеттілігі туралы айтады. Ақынның сөздері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ, бәрімізге рухани азық болып келеді.

Іс-шараның басты мақсаты - студенттерді қазақ ақыны, философы, композиторы, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың өмірімен және оның шығармашылығының барлық қырларымен таныстыру. Абайдың бай мұрасы жастардың санасында ақынның негізгі идеяларын нығайта отырып, қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастырады. Сонымен қатар, осы іс-шарада Абай туралы фильм көрсетілді, презентация жасалды, әндер орындалды, қазақ және ағылшын тілдерінде нақыл сөздері оқылды, қазақ даласының ұлы ақынының өмірбаяны мен шығармашылығына арналған викторина өткізілді.

Басылым күні :  06.12.2020