«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Абай атамыздың 175 жылдығы қарсаңында, механика-математика факультетінің «математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 1 курс 4-тобында тематикалық-дискуссия сабағы өтті. Бұл сабақ 5-наурыз күні өткізілді. Топ өз еріктерімен 2 топқа бөлінді. 1-топ Абай атамыздың өмірбаяны жайлы ағылшын тілінде сөз қозғады, ал 2-топ Абай атамыздың шығармашылығы жайлы әлемдік тілде мәлімет берді.
Сабақ барысында, Абай атамыздың біз білмейтін қыр сыры , өмірбаяны жайлы мағлұмат алдық. Қосымша, студенттер Ұлы Абай атамыздың шығармашылығы жайлы терең әрі түсінікті түрде жеткізе алды. Бұл сабаққа топтағы барлық студенттер белсенді түрде атсалысты. Әр топ өздеріне берілген уақытта , берілген тақырыпты жоғары деңгейде әрі жігерлі құлшыныспен қорғап шықты. Және менің тарапымнан сұрақтар қойылып, студенттер жауап берді. Бұл сабақта Абай атамыздың өмірбаяны, шығармашылығы жайлы мәлімет алдым. Реквизиттер жоғары деңгейде болды.Нәтижесінде, Абай атамызды еске ала отыра, студенттер осы өткен тематикалық-дискуссия сабағында бізге қалдырып кеткен мұрасын құрметтеуді әрі оны күллі әлемге насихаттауды түсінгенін байқадым. Міне сабақ қызықты әрі пайдалы түрде өтті. Абай ешқашан ұмытылмайды!
аға-оқытушы Жубанова Куляш Харезмовна


Басылым күні :  29.04.2020