«Американың хит болған әндері»

Ағылшын тілі клубының жоспарына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айының 22-ші жұлдызында, сағат 14.00 - 15.00 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын тілі клубы мүшелерімен клубтың бесінші отырысы ұйымдастырылды. Клуб отырысы жоспарға сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен және де клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы - Г.А.Мусанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Клубтың ақпан айына жоспарланған бесінші отырысы «Американың хит болған әндері» тақырыбына арналды. Клуб отырысына қатысушылар Заң факультетінің 1 курс студенттері болды.

         Алдымен клуб жетекшісі, аға оқытушы Г.А.Мусанова клуб мүшелеріне арнап құттықтау сөз сөйлеп, отырысты ашық деп жариялады. Клуб отырысы ағылшын тілінде өтті. Отырыс аясында, ең алдымен іс-шараға қатысушы студенттердің топтарға бөлініп, Американың хит болған әндері және олардың орындаушылары туралы презентациялары мен баяндамалары тыңдалды. Төмендегі клуб мүшелері – 1 курс студенттері өздерінің ең үздік деп танылған Америкалық хит әндері туралы үш топқа бөлініп, презентациялары мен баяндамаларын дайындап, қызықты мәліметтерімен бөлісті:

1-топ: Султанбек Нұрәлем, Сатым Диас, Марат Гулсая, Талғат Олжас, Кеңес Әмірхан – “Rap God” (Eminem)

2-топ: Сайлаубек Мадина, Нурмағамбетова Лаура, Таскожина Алтынай, Сиранов Нурислам – “Morning Glory” (Oasis)

3 -топ: Сапаш Олжас, Жақан Әсет, Турсынбай Мухаммед – “Mockinbird” (Eminem)

Клуб отырысына мүшелері жоғарыда аталған хит әндерді орындап, олардың орындаушылары туралы, әндердің хит болу себептері жайлы қызықты мәліметтерімен бөлісті және де әндерге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб отырысы соңында студенттер Америкалық Oasis тобының “Morning Glory” әнін бірге орындап, әннің жаңа сөздерімен жұмыс жасады. Клуб отырысы соңында жетекші Г.А.Мусанова барлық белсенді қатысқан студенттерге өз алғысын білдірді. Бесінші клуб отырысы студенттер үшін пайдалы әрі нәтижелі өтті.

 

Басылым күні :  23.02.2023