Ұлыбританияның хит болған әндері

2023 жылдың ақпан айының 6-шы жұлдызында, сағат 15.00 - 16.00 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын тілі клубы мүшелерімен 2022-2023 оқу жылының 2-ші семестрі жоспары бойынша клубтың төртінші отырысы ұйымдастырылды. Клубтың кезекті отырысы жоспарға сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен және де клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы - Г.А.Мусанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Клубтың төртінші отырысы «Ұлыбританияның хит болған әндері» тақырыбына арналды. Клуб қатысушылары заң факультетінің 1 курс студенттері болды.

         Клуб жетекшісі, аға оқытушы Г.А.Мусанова әдеттегідей алдымен клуб мүшелеріне арнап құттықтау сөз сөйледі. Клуб отырысы ағылшын тілінде өтті. Клуб отырысы аясында, ең алдымен іс-шараға қатысушы студенттердің сүйікті әндері және олардың орындаушылары бойынша презентациялары мен баяндамаларылары тыңдалды. Төмендегі клуб мүшелері - студенттер өздерінің ең үздік Ұлыбританиялық хит болған әндері туралы презентациялар, плакаттар дайындап, қызықты мәліметтерімен бөлісті:

1) Үсен Нұрсұлтан, Сапарали Еркежан, Уалихан Диас – “Cold Heart” (Elton John, Dua Lipa)

2) Смаков Бақнур – “Hey Jude” (Paul McCartney)

3) Ерсултан Разалия, Балабек Шынболат – “Ghost Town” (Jerry Drammer)

4) Нұржанұлы Даулетхан, Темірболат Ерасыл – “Shape of you”, “Perfect” (Ed Sheeran)

Осы жоғарыда аталған студенттер әндерді орындап, олардың орындаушылары туралы, хит болу себептері туралы қызықты мәліметтерімен бөлісті және де әндерге грамматикалық және лексикалық талдау жасап үйренді. Клуб отырысы соңында студенттер “Cold Heart” әнін бірге орындады және клуб жетекшісі Г.А.Мусанова барлық студенттерге алғысын білдірді. Төртінші клуб отырысы қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Студенттердің кеезекті Клуб отырысын тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.

Басылым күні :  19.02.2023