"Әртүрлі елдердегі тамақтану әдебі"

8 караша  2022 жылы "Әртүрлі елдердегі тамақтану әдебі"тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында студенттер Қазақстан, Жапония, Италия, Түркия, Үндістан ,Қытай, Ұлыбритания ,Ресей ,Франция және Иран сияқты түрлі елдердің тағамдық әдеттері туралы білді. Кеш соңында студенттер өздеріне ұнайтын елдің тамақтану мәдениеті туралы сезімдері мен эмоцияларымен бөлісуге тырысты. Мұндай кештер студенттерді пайдалы тамақтану туралы сөйлесуге үйретеді, тыңдау дағдыларын жетілдіреді және тамақтану әдеттерін біліп қана қоймайды, сонымен қатар салауатты тамақтану салауатты өмір салтына әкелетінін түсінеді. Іс-шараның мақсаты коммуникативтік міндеттерді өз бетінше шешу дағдыларын дамыту, белсенді сөздік қорын жандандыру және жетілдіру , осы тақырып бойынша студенттердің білімін тереңдету және кеңейту және ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру болды.

Ұйымдастырушылар:

Алиярова Л.М.,Халенова А.Р., Тлеугабылова З.А., Махажанова Л.М.

Басылым күні :  11.11.2022