"Солтүстік Ирландиялық әнші және музыкант Гарез Данлоптың шығармашылығына"

2022 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызында, сағат 11.00-12.00 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын клубының алғашқы отырысы өтті. Клуб отырысы 2022-2023 оқу жылы жоспарына сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен өтті. Клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы - Г.А.Мусанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Клуб отырысының алғашқы сабағы Солтүстік Ирландиялық әнші және музыкант Гарез Данлоптың шығармашылығына арналды. Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.

         Клуб жетекшісі, аға оқытушы Г.А. Мусанова алдымен іс-шараға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Кездесуде клуб отырысы негізінен ағылшын тілінде өтті. Алғашқы клуб отырысы аясында, ең алдымен іс-шараға қатысушылардың тақырып бойынша презентациялары көрсетілді. Студенттер клуб отырысында солтүстік ирландиялық әнші Гарез Данлоптың жеке өмірі, музыка саласындағы жетістігі, әндері және танымал альбомдары туралы көптеген қызықты мәліметтер берді. Сонымен қатар, студенттер әншінің өмірбаяны мен өнер саласында жеткен жетістіктері туралы да құнды ақпараттар берді.  

          Студенттер клуб отырысында “How Far This Road Goes” әнін орындап, мазмұнын талқылады, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб студенттері Смаилова Дильназ, Нұрмағамбетова Лаура, Тохтаев Елнур, Шонжар Дамир әншінің өмірбаяны мен өнер саласында жеткен жетістіктері туралы презентация жасады. Ал студенттер Турсун Дарын мен Серікбай Иманғали осы әннің граммтикасы мен лексикасына талдау жасаы. Клуб отырысы соңында, клуб мүшелері қызықты грамматикалық жаттығулар жасап, сұрақтарға жауап берді.  

       Клуб отырысы қызықты деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.

Басылым күні :  13.10.2022