Жазушы Мухтар Әуезовтың "Абай жолы" шығармасын талкылау

       2022 жылдың наурыз айының 11-ші жұлдызында, сағат 15.00-16.00 аралығында Заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы, қазақ бөлімінде оқитын 1-ші курс студенттерімен “100 Кітап” университет жобасы аясында тәрбие сағаты өткізілді.

         Студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру мақсатында «100 Кітап» жобасы әзірленіп, оның аясында ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік классиктердің шығармалары таңдалып, олардың тізімі құрылған болатын. Аталған жобаны жүзеге асыру және де студенттердің кітап оқуға деген құмарлығын арттыру мақсатында ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы Г.А. Мусанова тәрбие сағатын ағылшын тілінде жүргізіп, жоспарға сәйкес өткізді.

     Тәрбие сағатының бірінші бөлімі алдымен студент Мукашев Арсеннің Мухтар Әуезовтың өмірбаяны негізінде дайындаған презентациясымен ашылды. Студенттер Құралбаев Нұрсултан, Меңдібаев Нұрсұлтан және Камитан Азима өздерінің «Абай жолы» шығармасы желісі бойынша дайындап келген баяндамаларын оқып берді. Тәрбие сағатының екінші бөлімінде студенттер «Абай жолы» шығармасын талқылады. Студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, оларға жауап берді. Тәрбие сағатының үшінші бөлімінде студенттер арасында «Абай жолы» шығармасы туралы және жазушы Мұхтар Әуезовтың басқа да шығармалары туралы сөзжұмбақ бойынша конкурс ұйымдастырылды. Сөзжұмбақта жасырылған шығармалардың атауын жылдам әрі дұрыс тапқан студенттерге сыйлық берілді. Тәрбие сағаты Мухаметжан Марлан мен Қалдыбек Самалдың ұлы ақын Абай Құнабаевтың «Көзімнің қарасы» әнін орындаумен аяқталды.  

       «100 Кітап» жобасы аясында ұйымдастырылған тәрбие сағаты қызықты деңгейде өтті. Студенттердің де іс-шара бойынша дайындықтары да өте жақсы болды. Тәрбие сағатының соңын қорытындылай келе, аға оқытушы Г.А. Мусанова студенттерге белсенді болғандары үшін өз алғысын білдірді.

Басылым күні :  11.03.2022