“A series of academic writing tips”

2022 жылдың 20 қаңтарында ZOOM платформасында Алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де Чанаккале Онсекиз Март университетінің профессоры Куршат Джесур Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының шақыруымен :“A series of academic writing tips”. тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске Қазақстан, Қырғызстан және Түркия университеттерінің шет тілі оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен ғалымдары – тіл мамандары қатысты. Профессор Куршат Джесур өз дәрісін ҚазҰУ филология факультеті шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Досмағамбетова Д.Ж. және Әл-Фараби атындагы ҚазҰУ басшылығына Қазақстандағы әріптестерімен баспа тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігі үшіналғыс сөзімен бастады. .

       Дәріс барысында профессор Куршат Джесур ғылыми мақала жазудың негізгі кезеңдері, академиялық стиль ерекшеліктері туралы айтып берді, ақпараттық іздеу және статистикалық деректерді талдау үшін веб-ресурстармен бөлісті. Дәріс соңында оқытушыға сұрақтар қойылды. Оқытушылар, ғалымдар мен студенттер профессор Куршат Джесурға мазмұнды да қызықты дәрісі үшін алғыстарын білдірді. Әл-Фараби атындагы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Досмағамбетова Д.Ж. профессор Куршат Джесурға алғысын білдіріп, одан әрі ынтымақтастық орнатуға үміт білдірді.

Басылым күні :  20.01.2022