The Beatles тобының шығармашылығын талқылау

       2021 жылдың желтоқсан айының 23 күні, сағат 15.30-16.30 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын тілі клубының отырысы болып өтті. Клуб отырысы жоспар бойынша ZOOM платформасында онлайн режимде клуб мүшелерінің қатысуымен өтті. Іс-шараны клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы - Г.А.Мусанова ұйымдастырды. Іс-шараның тақырыбы: «The Beatles тобының шығармашылығын талқылау». Клуб отырысына заң факультеті «Құқықтану» мамандығының 1-ші курс студенттері қатысты.

         Клуб жетекшісі Г.А. Мусанова іс-шараға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Клуб отырысы ағылшын тілінде өтті. Ең алдымен тақырып бойынша презентация көрсетілді. Студенттер өздерінің “The Beatles” тобы құрамына кіретін әншілердің өмірбаяндарынан қызықты мағлұмат келтірді. Олардың әндері туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, студенттер сол әндердің шығу және хит болу тарихымен танысты.

          Студенттер Акабай Карлыгаш пен Дарибаев Диас ағылшын тілінде The Beatles тобының “A Hard Day’s Night” әнін орындап, әннің мазмұнын талқылап, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб мүшелері Кәрібай Аслан және Колесников Илья The Beatles тобының “Yesterday” әнінің мазмұнын талқылап, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб мүшесі Кушалиев Әлімхан топ туралы қызықты 10 мәлімет берді. Студент Нугметулла Мирас топтың тағы да бір танымал әні “Love me do” туралы қызықты мәліметтер келтірді. Іс-шара соңында, клуб жетекшісі Г.А. Мусанова студенттерге сұрақтар қойып, олардың жауаптарын тыңдады және студенттердің есте сақтау қабілетін тексеру үшін тест тапсырмасын орындатты.  

       Іс-шара қызықты деңгейде өтті. Клуб мүшелерінің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды. Клуб жетекшісі Г.А. Мусанова студенттерге белсенді болғандары үшін өз алғысын білдірді.

Басылым күні :  24.12.2021