«Менің сүйікті жазушым»

2021 жылдың 15 желтоқсанында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Тлеугабылова З.А., Махажанова Л.М., Халенова А.Р., Бекалаева А.О. және Торайғыров университетінің Жоғары колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Бақасова А.К «Менің сүйікті жазушым» атты әдеби кешті дайындап, өткізді. Шара «100 кітап» жобасы аясында 1 курс студенттерінің қатысуымен онлайн режимінде өтті.

Жүргізушілер: Сағынбаева Әсем, Тұрлымбет Шыла жиналғандарды: «Сүйікті жазушы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер. Біз көптеген ұлы жазушыларды білеміз және жақсы көреміз. Бірақ бүгін біз өте ерекше адам, ұлы жазушы, «детективтер патшайымы» - Агата Кристи туралы сөйлескіміз келеді.

Агата Мэри Кларисса, бірінші күйеуінің атымен Агата Кристи атымен белгілі, ағылшын жазушысы және драматургі. Ол әлемдегі ең танымал детектив проза авторларының бірі.

Агата Кристидің шығармалары адамзат тарихындағы ең көп жарияланған шығармалардың біріне айналды. Ол 60-тан астам детективтік роман, 6 психологиялық роман және 19 әңгіме кітабын шығарды. Оның 16 пьесасы Лондондағы театрларда қойылды.

Агата Кристидің кітаптары 4 миллиард данамен басылып, әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған.

Қатысушылардың әрқайсысы Агата Кристи туралы айтты, мысалы:

Тағабек Ұлдана: Жазушының алғашқы және балалық шағы.

Осбай Зере: Агата Кристидің ерте өмірі және оның бірінші некесі.

Тілеулиева Гүлназ: Агата Кристидің әдебиеттегі жолының басталуы.

Асқарова Аружан: Агата Кристидің алғашқы туындысы.

Орынғалиева Гүлсезім: Агата Кристи шығармасындағы ең танымал кейіпкерлер – Мисс Марпл мен Детектив Пуаро.

Мұсаева Орынбасар: Агата Кристидің отбасы, оның балалары және денсаулық мәселелері.

Ескермесов Нұриддин: өмірінің кемел және кеш жылдары, жазушының қайтыс болуы

Әбзелбек Ләззат: Агата Кристи кітаптары және олардың бейімделулері.

Іс-шараның соңында Дәулетбек Дамир: Агата Кристимен бейнесұхбат көрсетті.

Басылым күні :  16.12.2021