“30 жылдық батылдық”

      Жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі.

      Биыл біздің еліміз Жоғарғы Кеңестің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағанына 30 жыл толуын атап өтеді. Осы сәттен бастап Қазақстан халықтың еркін білдіре отырып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі анықтау құқығын растай отырып, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қағидаттарын негізге ала отырып, бейбітсүйгіш саясатты жүзеге асырады.

     Осы қазақстандықтар үшін айтулы оқиғаға байланысты ҚазҰУ шет тілдер кафедрасының оқытушысы Отетилеуова А.Ж. және доцент Шаяхмет А.К., "30 жылдық батылдық" тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Аталған іс-шара 2021 жылдың 10 желтоқсанында "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында өтті.

    Салтанатты онлайн-іс-шара ZOOM қашықтықтан оқыту платформасында өтті. Іс-шараның мақсаты білім алушылардың шығармашылық қиялын жандандыру, олардың ұлттық көркемдік дәстүрге деген ұмтылысын ояту; білім алушылардың ҚР тарихи және мәдени мұрасы туралы білімдерін бекіту және толықтыру; Отанға: оның табиғатына, салт-дәстүрлеріне, отансүйгіштік сезімін, махаббат пен құрмет сезімін тәрбиелеу; әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасқа баулу. Шараға шығыстану факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

   Іс-шара ағылшын тілінде викторина және 3 тілде баяндама түрінде өткізілді. Сабақтың негізі студенттердің берілген тақырыптағы баяндамалары:

1. «Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?» (қазақ тілінде)

2. «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» (орыс тілінде)

3. «Тәуелсіздік кунінің тарихы» (ағылшын тілінде)

4. «Тәуелсіздіктің 30 жылы: Қазақстанның басты жетістіктері» (орыс тілінде).

        Шығыстану факультетінің 1 курс студенттері: Абайдулла Махаббат Еркінқызы,Амангелді Ұлдана Бекзатханқызы, Амангельдина Аруна Асқарбекқызы баяндама жасады.

         Мемлекеттік басқарудың қазақстандық моделінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі болып табылады. Баяндамашы, студент Амангелдина А.А. баяндамасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан мемлекеттілігінің жандануына, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік – экономикалық өміріне тұтастай әсер еткенін атап өтті. Елбасының саясатының арқасында барлық салада халқымыздың рухы, санасы, ойлау қабілеті, адамгершілік және рухани құндылықтары, дәстүрлері, мәдени-тарихи мұрасы жанданды.

         Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы дамыған және демократиялық негізі бар мемлекетке айналды. Баяндамашы, студент Абайдулла М.Е. қонақтар назарына Республикамыздың айтулы жетістіктерін ұсынды. Сөз соңында Қазақстанның жетістіктерін талдай келе, баяндамашы елдің стратегиялық дұрыс жолды таңдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан құқық бойынша өңірлік көшбасшы болып саналады және экономикасы неғұрлым бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда.

    Басылым күні :  14.12.2021