Тыңдап түсіну дағдыларын дамытыңыз!

Ағылшын тіліндегі бейнефильмдерді көру - тыңдап түсінуді үйретудің бір жолы. Бастапқыда кейіпкерлердің айтқанын түсіну қиын болса, субтитрлерді пайдаланыңыз. Егер сіз фильмді күн сайын 15-20 минут бойы үзінділерге бөліп қарасаңыз, онда бірнеше айдан кейін сіз субтитрсіз сөйлеуді түсіне бастайсыз. Сондықтан фильмдерден ағылшын тілін үйрену әртүрлі екпін мен интонацияға үйренуге көмектеседі. Мысал ретінде «Король Артур» фильмін келтіруге болады:

Британдық ханзада Альберт король Джордж VI ретінде таққа отыруы керек, бірақ оның сөйлеу қабілеті нашар. Елге күйеуінің тиімді қарым-қатынас жасауы керек екенін біліп, Элизабет кекештігін жеңуге көмектесу үшін австралиялық актер және логопед Лионель Логты жалдайды. Лоуг монархты сенімді сөйлеуге үйрету үшін дәстүрлі емес құралдарды қолданғандықтан, екі адамның арасында ерекше достық дамиды.

Фильмді талқылау онлайн режимінде, 4 желтоқсанда «Кино сүйер қауым» клубының жоспары бойынша «Салауатты дене табыну» жобасы аясында өтті. Оған 1 курс студенттері қатысты.

Шараның жүргізушілері Айман Елесбаева мен Наргиза Мұхамадалиева болды. Әуезбаева Жанар мен Ордалы Әмина «Шын ба, өтірік пе?», Мұхамадалиев Наргиза «Бұл кім?» атты ойндарды өткізді. Сапи Аманкелді мен Әбубәкірова Дина - слайд арқылы шолу көрсетті. Қылышбеков Дамир - Викторина. Құрманбай Аблайхан - бейне және музыкалық сүйемелдеу.

«Кино фанаттары» клубының жетекшілері шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары: Тілеуғабылова З.А. және Махажанова Л.М.

Басылым күні :  05.12.2021