«Тіл - баға жетпес мұра!»

«Тіл - халықтың тамаша жетістігі және оның ажырамас бөлігі. Тілдің дамуы ұлттық мәдениеттің дамуымен толығымен байланысты және осыған байланысты тіл өзінің әлеуметтік қызметін атқарады». («Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан)

Адамдар өмірде не істесе де, барлық нәрсе тілдің көмегімен жүзеге асады. Тілсіз жұмыс істеу мүмкін емес, сондай-ақ тілсіз ғылымды, техниканы, өнерді, өмірді бір қадам алға жылжыту ақылға сыйғысыз дүние болып табылады. Тіл - адамзаттың ең ұлы жаратылысы. Егер тіл жоғалса адамзатты қандай жәйіттер күтіп тұрғанын елестетудің өзі мүмкін емес. Сөз - қарым -қатынастың ең мінсіз құралы болып табылады.

 Лайықты сұхбаттасушымен кездесу, шын жүректен әңгіме айту, ортақ тіл таба алу, көңілге қонымды ақылды сөзді айту ежелгі заманнан бері дамуға ұмтылған кез келген халықтың мәдениетінде жоғары бағаланған.   Анасынан естіген сөздерді қайталайтын бала, әріптерді буынға бөлетін оқушы, шетел тілдерін мұқият түсінетін студент- онсыз біздің өмірімізді елестету мүмкін емес. Жастардың бірнеше шетел тілдерін меңгеруі қазіргі қоғамның талабы болып табылады.

Әр оқу жылының басында шетел тілдері кафедрасының профессорлық -оқытушылық құрамы жыл сайын бакалавриаттың 1 курс студенттері арасында шетел тілін білу деңгейін анықтау үшін студенттерді тестілеуден өткізеді. Соңғы екі жылда Covid 19 пандемиясына байланысты кафедра оқытушылары оқытудың жаңа технологиясын белсенді қолдануда. Мысалы, студенттерді қашықтықтан тестілеу екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде студенттер лексико-грамматикалық тестті онлайн түрде өткізеді, ал екінші кезеңде ауызша әңгімелесу әдісі қолданылады.

Осы оқу жылында тесттер Google Forms форматында жасалды және оны студенттер шектеулі уақытта орындап шығу керек болды. Бірінші күннің қорытындысы бойынша жоғары балл алған Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері 3 және 4 қыркүйекте Moodle және Zoom University платформасында онлайн түрде ауызша өтетін тестілеудің екінші күніне шақырылды. Сұхбат тақырыбы «Language is an invaluable heritage!» («Тіл - баға жетпес мұра!») Қазақстандағы тілдер күніне арналған «Ұлт ұстазы - А.Байтұрсынов» филология және әлем тілдері факультетінің тілдер апталығы аясында өтті. Филология ғылымдарының кандидаты Қ.А. Айсултанова, кафедраның аға оқытушылары З.А. Тлеугабылова және Л.М. Махажанова ауызша әңгімеге қатысқан барлық студенттердің ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендігін айтып өтті.

Қазақстанда үштілділіктің маңыздылығы туралы айта отырып, студенттер мемлекет тарапынан Қазақстан халықтарының тілдерін үйренуі мен дамуына барлық жағдайдың жасалып отырғандығын атап өтті. 22 қыркүйек - барлық қазақстандықтар үшін ортақ мерекеге айналған айтулы күн, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін қолдануға, қарым -қатынас, білім алу мен шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы.


 

 

 

 

 

Басылым күні :  24.11.2021