“English talking club”

Филология факультеті

Шет тілдері кафедрасы

“English talking club”,   2020-2021 оқу жылы                  

Тақырыбы: «Student's life»

     Клуб отырысы   №2

         Клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А 2020 жылдың 31 қазанында ZOOM платформасында “English talking club” клубының кезектегі кездесуін ұйымдастырды. Клубтың қатысушылары инстаграмга тіркелген КазҰУ, Абай атындағы КазҰПУ, Кыргыз-Түрік Манас университетінің студенттері. Тақырыбы «Студенттік өмір».

             Клуб жетекшісі Адилбаева У. Б клуб қатысушыларына құттықтау сөзін айтты, Гайипова Г. А клуб қатысушыларына талқыланатын тақырып бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді және клубтың жаңа мүшелерімен таныстырды. Кездесуде клуб мүшелері негізінен ағылшын тілінде сөйлесті, қатысқандар саны 48 олардың ішінен 8 студент Ауғанстаннан. Клуб отырысы аясында қатысушылар кәзіргі кездегі студенттер өмірінің жақсы және киын тұстарына тоқталып қызу талқылады. Клуб жетекшілері студенттердің тақырып бойынша қолданатын лексика және грамматикалық тақырыптар бойынша қолдау көрсетіп, көмектесіп отырды.

         Іс-шараға қатысушылар бүгінгі клубта жоғары белсенділік көрсетіп, тақырып бойынша материалды жақсы деңгейде меңгергенін көрсетті. Клубының жетекшілері іс-шараға қатысқан студенттердің жақсы жұмысын атап өтіп студенттерге белсенділік танытып, өз білімдерін көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді. Бүгінгі күнде тіркелгендер саны 67.

 

Басылым күні :  13.05.2021