Мұқағали Мақатаевтың 90 - жылдығына орай ашық-тәрбие сағаты

Мұқағали Мақатаевтың 90 - жылдығына орай

ашық-тәрбие сағаты

09 сәуір 2021 жылы, Zoom платформасында онлайн форматта «шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Н. А. Сүттібаевпен бірге Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығының құрметіне арналған ашық - тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу, патриоттық сезімдер мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Мұқағали Мақатаев мұраларын тарату және насихаттау ашық-тәрбие сағаттың басты мақсаты болды. Бұл білім беру іс-шарасының айрықша ерекшелігі - 1 курс студенттерінің баяндамалары мен презентациялары үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болды.

          Іс-шара Мұқағали Мақатаевтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы бейнефильм көрсету арқылы ашылды. Студенттер Мұқағали Мақатаев өмірінің қызықты беттермен және кейбір белгісіз фактілермен танысты.

          Ашық-тәрбие сағатқа қатысушылар өздерінің баяндамалары мен презентацияларында Мұқағали Мақатаевтың бүкіл өмірі қазақтың ән-күйіне арналған еді. Биылғы жылы Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығымен тұспа-тұс келгені назар аудартады.

          Мұқағали Мақатаев үміттер мен үмітсіздіктерге, жеңістер мен жеңілістерге толы қиын өмір сүрді.

Іс-шара барысында Мұқағали Мақатаев туралы бейнероликтер тамашалап, ән мен күйін тыңдадық. Сонымен қатар Мұқағали Мақатаев өміріндегі қызықты хикаяларды да тыңдадық. Мұқағали Мақатаев туралы қызықты мәліметтерге де куә болдық.

           Ашық-тәрбие сабақта Ақылбек Әсем Мұқағали Мақатаевтың өмір-баянына қысқаша шолу жасаған болса, Елиубаев Қанат Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы туралы баяндады. Ал, Тажокова Балауса Мұқағали Мақатаев жырларын айтып, Сламбек Аружан Мұқағали поэзияларын тарту еткен болатын. Сонымен қатар, ашық-тәрбие сағат барысында көптеген ребустар шешіліп, сабақ соңында Мұқағали Мақатаевтың өмірі туралы тест жұмыстары мен сөзжұмбақтар шешілген болатын

          Бұл іс-шараның қашықтағы форматына қарамастан, ашық-тәрбие сағатқа қатысушылар арасында достық қатынастар дамып, байланыстар орнатылып, тұрақты ынтымақтастық туралы тілектер айтылды.

Н. А. Сүттібаев

Шетел тілдер кафедрасы

Басылым күні :  12.05.2021