«Біз - батырлар ұрпағымыз»

«Біз - батырлар ұрпағымыз»

6 мамыр 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы: доцент, ф.ғ.к. У.Б. Адилбаева, аға оқытушы Гайипова Г.А. ҚазҰУ «Ақпараттық технологиялар» факультетінің бірінші курс студенттері және Ош Қырғыз-Өзбек университетінің (Қырғызстан) студенттерімен бірге «Біз батырлар ұрпағымыз» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара 9 мамыр Жеңіс күні, майданға қатысқан батырларға арналды.

Екі университеттің студенттері 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып ерлік көрсеткен батырлардың өмірі туралы презентациялар жасады. Ақпараттық технологиялар факультеті студенттері Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Габдуллин, Маншук Маметова, Алия Молдагулова туралы презентациялар көрсетті. Ош Қырғыз-Өзбек университеті студенттері Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары Дүйшөнкул Шопоков, Дайыр Асанов, Чолпонбай Түлөбердиев, олардың ерлігі туралы баяндады.

Презентациялар өте қызықты және мазмұнды өтті, әр студент осы кездесуден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Кездесу ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

 

Басылым күні :  12.05.2021