«Алға бас, қарышта – Жас ұлан!»

«Алға бас, қарышта – Жас ұлан!»

20 сәуір 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы: доцент, ф.ғ.к. У.Б. Адилбаева, аға оқытушы Гайипова Г.А., Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Артықова Е.О ҚазҰУ бірінші курс студенттері және Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен бірге «Алға бас, қарышта – Жас ұлан!» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара 7 мамыр Қазақстан Отан қорғаушылар күніне арналды.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеуге үйрету, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Қос университет студенттері осы мерекеге арналған презентациялар жасады. Аталған мерекенің шығу тарихы жайлы баяндады. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен бұл күн- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан мемлекеттік мәртебеге ие болғандығы баяндалды.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, ел тыныштығын сақтауда әскери сарбаздарымыздың атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз екендігі, олардың қатарында студенттер өздері болғысы келетіндігі туралы да сөз болды.

Презентациялар өте қызықты және мазмұнды өтті, әр студент осы кездесуден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Кездесу ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

Басылым күні :  12.05.2021