Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

           Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

   20 наурыз 2021 жылы, Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығының құрметіне арналған “Жамбыл Жабаев - ХХ ғасырдың Гомері” тақырыбында қазақ және ағылшын тілдерінде филология және әлем тілдері факультеті шет тілі кафедрасының аға-оқытушылары: Дуйсенбаева Ш.С. мен Акылова Г.С. ұйымдастыруымен үлкен көлемде онлайн іс-шара өтті.

   Онлайн іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармаларын талқылау. Студенттер Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығының құрметіне онлайн түрде өткен іс-шараға белсенді түрде қатысып, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың қазіргі ұрпаққа қалдырған ғибрат сөздерін ұғынып, өмірбаяны мен еңбектеріндегі терең ойларының тәрбиелік мәнін өлеңдерін оқу арқылы жеткізе білді. Іс-шара студенттердің қызығып, белсенді қатысуымен, Жамбыл Жабаевтың қазіргі ұрпаққа қалдырған еңбектеріндегі терең ойларының тәрбиелік мәнін ұғынуымен өз мақсатына жетті.

Басылым күні :  12.05.2021