Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл

   27 наурыз 2021 жылы, Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуының құрметіне арналған “Ыбырай Алтынсарин - қазақ даласының алғашқы ұстазы” тақырыбында қазақ және ағылшын тілдерінде филология және әлем тілдері факультеті шет тілі кафедрасының аға-оқытушылары: Дуйсенбаева Ш.С. мен Акылова Г.С. ұйымдастыруымен үлкен көлемде онлайн іс-шара өтті.

   Онлайн іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің қазіргі ұрпаққа қалдырған еңбектеріндегі құнды ой-пікірлерін білуге тәрбиелеу. Студенттер Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуының құрметіне онлайн түрде өткен іс-шараға белсенді түрде қатысып, ең алғашқы ұлы даланың ұлы ұстазы атанған Ыбырай Алтынсариннің қазіргі ұрпаққа қалдырған еңбектеріндегі құнды ой-пікірлерін ұғынып, еңбектеріндегі терең ойларының тәрбиелік мәнін көріністер көрсету арқылы жеткізе білді. Іс-шара студенттердің қызығып, белсенді қатысуымен, Ыбырай Алтынсариннің қазіргі ұрпаққа қалдырған еңбектеріндегі құнды ой-пікірлерін ұғынуымен өз мақсатына жетті.

Басылым күні :  12.05.2021