«Қытай жаңа жылы»

20.02.2018

Көрулер: 3809

    Биыл Ақпанның 16-сы күні Қытай халқы шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылын тойлады. Бұл мереке Қытай халқының ең маңызды, әрі ең ұзақ тойланатын мереке болып есептеледі

    Осы мерекені ақпанның 20-сы күні Қазақ Ұлттық университеті филология факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының 2 курс студенттері де атап өтті. Филология фаультетінде «қытай тілі» пәні екінші шеті тілі ретінде кафедра жетекшісі, профессор Гүлмира Мәдиеваның ынта-жігері арқасында биыл бірінші рет оқыталып жатқанын мақтанышпен айтуға болады. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттер «Қытай жаңа жылы» атты мәдени-тәрбие сабағын сайыс түрінде өткізді. Кафедра оқытушысы Жұмабектен Айгүл Серікқызының ұйымдастыруымен өткен мерекеде студенттер қытай тілі мен мәдениетін қаншалықты меңгергенін жиналғандарға мақтанышпен жеткізуге тырысты. Мерекеге сыйлы қонақ ретінде шақырылған ҚазҰУ-дегі қытай студенттері Әділқазылар міндетін қоса атқарысты. Шың елінің ең қасиетті күндері болып табылатын «Чуньцзе», яғни "Көктем мерекесі" атты осы бас қосуға кафедра студентерімен қатар факультет ұстаздары да белсене атсалысты.

    Қытай тіліне қатысты әр түрлі сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Аспан асты елінің мәдениеті мен тарихы жайындағы танымдық мағлұматтармен тың деректер жаңа қырынан айшықталды.

    Кеш соңында екі ел азаматтары қытайдың әйгілі «Жан досым» (朋友) әнін қосыла шырқады. Осылайша жиналғандардың жүрек қылын қозғаған жастар өздерін болашақтың алтын көпірі ретінде өзге бір қырынан танытқандай әсер қалдырды.