«Қош келдің, әз-Наурыз» мерекесі

2018 жылдың 21 сәуірінде университетте «Қош келдің, әз-Наурыз» атты дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті. Биылғы жылы факультеттің киіз үйі мен дастарханын органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы ұйымдастырды. Мереке қарсаңында жыл сайын «Парасат» кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтетін тазалық байқауында химия және химиялық технология факультетінің ғимараты «Үздік оқу ғимараты» номинациясы бойынша 3-орын иеленді. «Үздік киіз үй» байқауына белсенді қатысқаны үшін факультет алғыс хатпен марапатталды.

Басылым күні :  25.04.2018