«Функционалды материалдардың химиялық технологиясы» атты IV Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференция

2018 жылдың 12-13 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында V Халықаралық Фараби оқуларының аясында «Функционалды материалдардың химиялық технологиясы» атты IV Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы мен Новосібір мемлекеттік техникалық университеті (НМТУ) ұйымдастырды. Конференцияның пленарлық мәжілісінде проф. Helmut Sitzmann, PhD W.Gidt, PhD C.Wilhelm (барлығы Кайзерслаутерн техникалық университетінен, Германия), проф. Yitzhak Mastai (Бар-Илан университеті, Израиль), проф. Н.Ф.Уваров, доц. А.А.Политов, доц. А.Г.Баннов (барлығы НМТУ) баяндама жасады. Конференцияның қорытындысында үздік баяндамаларды Scopus базасына кіретін және ҚазҰУ журналдарында жариялау, мезокеуекті кремнийлі және көміртекті материалдарды қолдану, мұнай өнеркәсібі үшін катализаторлар әзірлеу және материалдар алу саласында біріккен ғылыми жұмыстар жасау, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Басылым күні :  18.04.2018