Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы

2018 жылдың 9-10 сәуірінде химия және химиялық технология факультетінде V Халықаралық Фараби оқуларының аясында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция жұмысына ҚазҰУ, Атырау мұнай және газ университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы технологиялық университетінің студенттері, Алматы қаласының Назарбаев зияткерлік мектептері мен № 8 лицейінің оқушылары қатысты. 8 секция бойынша 300-ге жуық баяндама тыңдалды. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Варшава медициналық университетінің (Польша) фармацевтика факультеті деканының орынбасары Петр Лулинский баяндама жасады. Үздік баяндамашылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Фараби оқуларының аясында студенттік инновациялық бизнес-жобалар байқауы өтіп, факультет студенттері А.Қуанышбекова, А.Бердіханов, М.Асанов ұсынған «Медициналық бағыттағы бұйымдар мен тері антисептиктері үшін дезинфекциялаушы заттар алу» жобасы 3-орын иеленді.

Басылым күні :  18.04.2018