«Студенттік көктем 2018» көркемөнерпаздар байқауы

2018 жылы 15 наурызда университетте дәстүрлі «Студенттік көктем 2018» көркемөнерпаздар байқауының ақтық финалы өтті. Биылғы байқауда Астана қаласының 20 жылдығына арналған көріністер қойылды. 15 факультет студенттері қатысқан финалда химия және химиялық технология факультетінің студенттері 1-орын иеленді. Факультет абыройын арттырған студенттерімізді жеңісімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

Басылым күні :  28.03.2018