Студенттер мен жас ғалымдардың «Химиялық физика және наноматериалдар» атты IІІ конференциясы

2018 жылдың 15 наурызында химия және химиялық технология факультетінің Б.А.Бірімжанов атындағы үлкен залында студенттер мен жас ғалымдардың «Химиялық физика және наноматериалдар» атты IІІ конференциясы өтті. Конференцияны Жану проблемалары институты мен химиялық физика және материалтану кафедрасы ұйымдастырды. Конференция жақында дүниеден өткен ғалым Мансұров Батыр Зұлқайырұлының құрметіне арналды. Пленарлы мәжілісте Жану проблемалары институтының бас директоры, профессор З.А.Мансұров, химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі М.И.Тулепов, физика-техникалық факультеттің оқытушысы Г.Партизан баяндама жасады. Үздік постерлік баяндама жасаған студенттер мен жас ғалымдар дипломдармен марапатталды.

Басылым күні :  27.03.2018