«Хабибулла Оспанов» кітабының тұсау кесері

2018 жылдың 20 ақпанында университеттің Ғылыми Кеңес залында «Өнегелі өмір» сериясы бойынша баспадан шыққан «Хабибулла Оспанов» кітабының тұсау кесері өтті. Кітап көрнекті ғалым, «Тарлан» және Е.А.Букетов сыйлықтарының иегері, Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі, 4 халықаралық жаңалықтың және 3 АҚШ патентінің авторы, химия ғылымдарының докторы, профессор Хабибулла Құсайынұлы Оспановтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған. Шараға университет ректоры, академик Ғ.М.Мұтанов, Павлодар педагогикалық университетінің ректоры А.Нухұлы, ҚР Минералды шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орталығының Астана филиалының директоры Б.Н.Сәтбаев, Назарбаев университетінің профессоры Ж.Б.Бакенов, факультет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Басылым күні :  22.02.2018