«Индустриалды және ғылыми химия: химия туралы білім болашақта қалай өзгереді?» шеберлік сағаты

2017 жылдың 5 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында «Индустриалды және ғылыми химия: химия туралы білім болашақта қалай өзгереді?» шеберлік сағаты өтті. Іс-шараны «KazEnergy» ассоциациясы мен «Шелл Қазақстан» компаниясы ұйымдастырды. Шеберлік сағатына химия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА А.Н.Фрумкин атындағы Физикалық химия және электрохимия институтының бас ғылыми қызметкері А.М.Скундин және РҒА корр.-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Жалпы және бейорганикалық химия институты директорының орынбасары К.Ю.Жижин шақырылды. Диалог барысында ғалымдар өздерінің табыстарының тарихымен, химияға қызығушылығы, ғылымдағы алғашқы қадамдары туралы ойларымен бөлісті. Шеберлік сағатынан соң қонақтар ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің және Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының ғалымдарымен кездесті. Ғылымды дамыту, ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында ғалымдардың бірлескен мүмкіндіктерін арттыру қажеттігі атап өтілді.

Шеберлік сағаттары туралы толығырақ мына сайттан біле аласыздар: http://kazenergy.com/ru/press/2011-04-18-15-52-18/14617-2017-12-06-07-31-44.html.

Басылым күні :  12.12.2017