«1 курс таланттары 2017» байқауының жүлдегерлері

2017 жылы 10 қарашада өткен университет 1-курс студенттерінің арасындағы «1 курс таланттары» байқауында жеңімпаз және жүлдегер атанған факультет студенттерін құттықтаймыз!

«Пианинода ойнау» номинациясы бойынша 2-орын – Қайрат Аян

«Жүргізушілер» номинациясы бойынша 3-орын – Сүлейменова Айнагүл

«Халықтық би» номинациясы бойынша 1-орын – факультет тобы

«Заманауи би» номинациясы бойынша 1-орын – факультет тобы

«Классикалық би» номинациясы бойынша 1-орын – факультет тобы

2017 жылы 15 қарашада «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны 2017» қалалық байқауының ақтық финалы өтті. Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан 10 ару мен 10 сұлтан қатысқан финалда химия және химиялық технология факультетінің 2-курс студенті Орынғали Ғазиз 3-орын иеленді.

Факультет абыройын арттырған студенттерімізді жеңісімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

Басылым күні :  02.12.2017