«Битум және асфальтбетон сапасының өзекті мәселелері» ғылыми семинары

2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында «Битум және асфальтбетон сапасының өзекті мәселелері» ғылыми семинары өтті. Семинарды Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Жану проблемалары институты ұйымдастырды. Семинарда институт президенті Б.Б.Телтаев, ҚР ҰҒА академигі Н.К.Надиров, Жану проблемалары институтының бас директоры, академик З.А.Мансуров, академик А.А.Қалыбай, факультет деканы Е.К.Оңғарбаев, ҚазЖолҒЗИ департамент директоры Г.Г.Измаилова баяндама жасады. Семинар жұмысына факультет оқытушылары, докторанттары мен магистранттары да қатысып, постерлік баяндамаларын ұсынды. Семинар нәтижесінде «Битум және асфальтбетон зерттеушілердің ассоциациясы» қоғамдық ұйымын құру туралы келісім жасалды және ғылыми ынтымақтастықты ары қарай дамыту жолдары қарастырылды.

Семинар туралы толық мәліметті http://www.kazdornii.kz/ru/articles/1380-aktualnyje_voprosy_kachestva_bituma_i_asfaltobetona/ сайтынан көруге болады.

Басылым күні :  31.10.2017