«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің фитохимияны дамытудағы орны» ғылыми семинары

2017 жылдың 22-27 қазанында «Әл-Фараби» ғылыми кітапханасында Қазақстан-Пакистан біріккен «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің фитохимияны дамытудағы орны» ғылыми семинары өтті. Семинарды ҚазҰУ-дың органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы мен Пакистанның Карачи университетінің Химиялық және биологиялық ғылымдар халықаралық орталығы ұйымдастырды. Семинардың өтуіне Ислам даму банкі мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ғылыми қоры демеушілік жасады. Семинарға Карачи университетінің Химиялық және биологиялық ғылымдар халықаралық орталығының директоры Икбал Чаудри бастаған ғылыми қызметкерлер қатысты. Ислам даму банкі қаржыландыратын ғылыми жоба аясында кафедраға құрал-жабдықтар, заманауи аспаптар алынатын болады.

Басылым күні :  31.10.2017