«ADF бағдарламалық кешенінің көмегімен химия және материалтану» ғылыми-практикалық семинары

2017 жылдың 21-22 қыркүйегінде химия және химиялық технология факультетінің Б.А.Бірімжанов атындағы үлкен залында «ADF бағдарламалық кешенінің көмегімен химия және материалтану» ғылыми-практикалық семинары өтті. Семинарды «RAM Trade Company» ЖШС ұйымдастырды. Семинарға компаниялар, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардан 50-ден аса қатысушы қатысты. Семинарда ADF бағдарламалық кешенін Голландияның SCM компаниясының өкілі ұсынды. Семинарға қатысушыларға химиялық молекулалар мен беттердің құрылымын болжау, спектрлер мен орбитальдарды визуализациялау үшін ADF бағдарламасының демо-версиясы орнатылды.

Басылым күні :  25.09.2017