IX Халықаралық «Жану және плазмохимия» симпозиумы

2017 жылдың 13-15 қыркүйегінде химия және химиялық технология факультетінің Б.А.Бірімжанов атындағы үлкен залында IX Халықаралық «Жану және плазмохимия» симпозиумы өтті. Симпозиумды Жану проблемалары институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық қаржылай көмек көрсетті. Симпозиум жұмысына Германия, Жапония, Италия, Түркия, Ресей, Украина және Қазақстаннан 100-ден аса жетекші ғалымдар қатысты. Симпозиумға қатысушылар пленарлы мәжілісте және «Жану процестері мен плазмохимия», «Жарылыс процестері мен конденсирленген жүйелер»,  «Наноматериалдар мен ӨЖС синтезі», «Мұнай және көмірсутектерді өңдеу» секцияларында баяндама жасады. Үздік баяндамашылар дипломдармен марапатталды. Іріктелген баяндамалар «Горение и плазмохимия» және Eurasian Chemico-Technological Journal журналдарында жарияланады.

Басылым күні :  25.09.2017