«ЖАНУ ЖӘНЕ ПЛАЗМОХИМИЯ» IX СИМПОЗИУМЫ өтетінін хабарлайды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Құрметті әріптестер!

Ұйымдастыру комитеті 2017 жылы 13-15 қыркүйек аралығында «ЖАНУ ЖӘНЕ ПЛАЗМОХИМИЯ» IX СИМПОЗИУМЫ өтетінін хабарлайды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы, Қазақстан.

Симпозиумның бағдарламасы пленарлық, ауызша және стендтік баяндамаларды қамтиды. Конференцияның орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Симпозиумға қатысушыларға берілетін уақыт: пленарлық баяндамаға 25 минут, ауызша баяндамаға – 15 минут.

Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды жариялауды жүзеге асыру жоспарланған. Баяндаманың электронды нұсқасы Windows-та Word форматында, өлшемі – 12 және TimesNewRoman шрифтінде жазылу керек. Мәтін А4 форматында 1 интервал арқылы, беттері нөмірленбеген, жиегі 2 см және 3 беттен аспауы тиіс. Кестелер, схемалар, суреттердің аты болуы керек. Азат жолындағы бос орын 1см. Баяндаманың атын БАС ӘРІПТЕРМЕН қалың қаріппен, әрі қарай бір интервал – майлы қаріппен кіші әріптермен аты-жөнінің бірінші әріптері мен авторлардың Фамилиясы және мекеменің толық атауы, мекен-жайы, е-mail жазылады. Тағы бір интервал арқылы – үш жолдан аспайтын қысқаша аңдатпа болады. Соңында мәтіндегі жұмыстың ретіне сәйкес көрсетілген әдебиеттер тізімі жазылуы тиіс.

Жұмыстарды конференцияның мына мекен-жайына: conf@icp.kz жіберу керек.

Ұйымдастыру комитеті баяндаманың тезистерін 2017 жылдың 05-қыркүйегіне дейін қабылдайды.

Жану мәселелері институтының

бас директоры

                          З.А.Мансуров

Басылым күні :  31.08.2017