Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингі

2017 жылы 23 мамырда Аккредитация мен рейтинг бойынша тәуелсіз агенттік (АРТА) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының мамандарды дайындау бағыттары мен деңгейлері бойынша 2017 жылғы тәуелсіз рейтингін жариялады. Рейтинг қорытындысы бойынша факультеттегі 15 білім беру бағдарламасы: «химия» (бакалавриат, магистратура), «бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» (бакалавриат, магистратура, докторантура), «органикалық заттардың химиялық технологиясы» (бакалавриат, докторантура), «химия (педагогикалық)» (магистратура), «мұнай-газ ісі» (магистратура), «мұнай химиясы» (магистратура, докторантура), «наноматериалдар мен нанотехнологиялар» (магистратура, докторантура), «жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» (магистратура, докторантура) бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1-орын иеленді. «Химия» (докторантура) және «органикалық заттардың химиялық технологиясы» (магистратура) бағдарламалары бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-орын иеленді. Сонымен қатар, факультеттің 9 оқытушысы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамының 30 үздік оқытушыларының бас рейтингіне кірді. Құттықтаймыз!

Басылым күні :  08.06.2017