«Студенттік көктем 2017» көркемөнерпаздар байқауы

2017 жылы 31 наурызда университетте дәстүрлі «Студенттік көктем 2017» көркемөнерпаздар байқауының ақтық финалы өтті. «Өнер әлемінің көктемі» деп аталған биылғы байқауда әртүрлі мемлекеттерге арналған мюзиклдер қойылды. 15 факультет студенттері қатысқан финалда химия және химиялық технология факультетінің студенттері Францияға арналған мюзикл көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды.

Факультет абыройын арттырған студенттерімізді жеңісімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

Басылым күні :  06.04.2017