Химикаттар өндірісі бойынша ИИМДБ зертханасы аттестациядан өтті

2016 жылдың 28 желтоқсанында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетіне өнеркәсіп және агрохимия үшін химикаттар өндірісі зертханасындағы өлшем жағдайын бағалау туралы № 70-16 куәлік берді. Бұл зертхана Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының қолдауымен құрылған болатын. Куәлік зертханаға бекітілген қызмет саласындағы өлшемді (сынауды) орындауға қажетті жағдайлардың бар екендігін растайды.

ИИМДБ бойынша факультетте магистрлерді даярлау туралы толық мәлімет декан Е.К. Оңғарбаевтың 2017 жылдың 19 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында жарияланған.

Басылым күні :  24.01.2017