Факультет ғалымдары мемлекеттік наградалармен марапатталды және мемлекеттік стипендия иегері атанды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында факультет ғалымдары мемлекеттік наградалармен марапатталды және мемлекеттік стипендия иегері атанды. Химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры, Жану проблемалары институтының бас директоры З.А.Мансұров «Парасат» орденімен, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды. Факультет профессорлары М.Қ.Наурызбаев пен Ж.Қ.Қайырбеков ғылымның дамуына көрнекті үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері атанды. Оқытушылар М.Нәжіпқызы мен Р.Токпаев жас ғалымдарға арналған стипендия иегері атанды.

Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!

Басылым күні :  22.12.2016