«Топан» ЖШС «High Tech for Science & Practice» семинары

2016 жылы 27 қазанда химия және химиялық технология факультетінің Б.А.Бірімжанов атындағы үлкен залында «Топан» ЖШС «High Tech for Science & Practice» атты ғылыми-практикалық семинар өткізді. Семинарда ғылыми-зерттеу жұмыстарында, оқу үдерісінде, кәсіпорындарда қолданылатын заманауи аналитикалық приборлар мен құрал-жабдықтардың мүмкіндіктері қарастырылды. Семинарға Алматы қаласының компаниялары мен оқу орындарынан 65 адам қатысты.

Басылым күні :  08.11.2016